#TikTokКиноакадемия: TikTok Қазақстан киносының жетекші қайраткерлерінің қолдауымен байқауды бастайды

TikTok, қысқа бейнероликтерді көруге және жасауға арналған жетекші платформасы Қазақстанның танымал киноөнер қайраткерлерімен бірлесіп, #TikTokКиноакадемия байқауын іске асырмақшы, оның шеңберінде кез келген қолданушы көркем қысқаметражды фильмдер түсіруде өз күшін сынап көре алады. Жобаның амбассадорлары мен қазылар алқасының мүшелеріне жетекші режиссерлер мен актерлер іріктеп алынды, олардың арасында Тимур Бекмамбетов, Игорь Цай және Дәурен Қамшыбаев бар. TikTok-тың танымал креаторлары өздерінің кәсіби тәжірибелерінің мысалға ала отырып, платформада контент жасаудың ерекшеліктері туралы әңгімелейтін оқу бейнелерін арнайы дайындады.

TikTok шығармашылық адамдардың үлкен қауымдастығын біріктіреді. Контент жасау арқылы контент авторлары өздерін актердің, режиссердің және сценаристердің рөліне қойып көре алады. 2022 жылы платформа Канн фестивалімен серіктес болып, #TikTokShortFilm хэштегімен қысқа бейнефильмдер байқауын бастады. Бүгінде платформа Қазақстандағы киноөнер қайраткерлерімен бірігіп, жергілікті қоғамдастық үшін арнайы байқау өткізуде.

#TikTokКиноакадемия байқауы аясында қатысушылар 1 минуттан аспайтын тік форматта көркем фильмнің сценарийін дайындап, TikTok-қа жүктеуі керек. Қазылар алқасы қатысушылардың жұмыстарын бағалау кезінде сценарийді пысықтау деңгейіне назар аударады, сондай-ақ монтаждау сапасы мен пайдаланылған арнайы эффектілерді бағалайды. Байқауға қатысу платформа авторларына режиссер рөлінде өз күштерін сынап көруге, жаңа дағдылар мен тәжірибе алуға, сондай-ақ байқау серіктестерінен бағалы сыйлықтардың бірін ұтып алуға мүмкіндік береді:

●       Тимур Бекмамбетовтың «Базелевс» студиясының креативті командасының жобаларын құру және ілгерілету жөніндегі жұмысқа қатысуға келісімшарт;

●       Epicentrum сценарий шеберлігі мектебінің сценарий жазу бойынша оқыту курстарына қатысу;

●       TikTok-та Golden Man Media студиясы шығаратын «Shulamah» фильмінің түсірілімінде эпизодтық рөлге қатысу;

●       Almaty Cinema School-да оқу;

●       Kazakh Tourism-нен Қазақстан бойынша экспедицияға қатысу.


Қайрат Садуақасов, «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Басқарма мүшесі:

«Бұл біздің алғашқы ынтымақтастығымыз емес және біз TikTok командасына берілген мүмкіндік үшін алғыс айтамыз! TikTok Киноакадемия байқауы аясында біз «креативті продюсер» мамандығына ерекше назар аударғымыз келеді және болашақта осы бағыттағы талантты TikTok авторларының бірімен жұмыс жасағымыз келеді. Осындай талантты адамдар сәтті жоба жасай отырып, сапалы бейне мазмұнын құра алады және дұрыс «жинай» алады. Өз сыйлығымызбен біз сондай-ақ TikTok қауымдастығын промороликтерге немесе Қазақстан бойынша саяхаттауға түрткі болатын қысқаметраждарға ерекше сценарийлер жасауға шабыттандырғымыз келеді. Баршаға белгілі танымал жерлерден тыс, контент жасау арқылы Қазақстанның басқада тыс қалған көрікті жерлерін танымал ету маңызды. Бәрі білетіндей танымал Бурабай, Көлсай және Шарын орындарында туристердің мөлшері аса көп. Алайда, біздің елімізде басқа да керемет табиғи көріністері бар жерлар жеткілікті, олар туралы Қазақстан және бүкіл әлемнен келген саяхатшыларға паш еткіміз келеді. Әрине, біз үшін TikTok-әрбір адам өз шығармашылығын аша алатын алаң және тамаша орын».

Жеңімпаздарды байқау амбассадорлары таңдайды, олардың арасында белгілі режиссер Тимур Бекмамбетов (@bekmambetovtimur); продюсер, режиссер, Epicentrum Workshop-тың негізін қалаушы Игорь Цай (@tsayigor); ТМД-дағы танымал жобалардың режиссері Айторе Жолдасқали (@aitoore); режиссер, сценарист, креативті продюсер . Дәурен Қамшыбаев (@intrographer); блогер, фотограф және бейнограф Талғат Бекмағамбетов (@tala_shin). Байқау қорытындысы 7 желтоқсанда шығарылады.

Тимур Бекмамбетов, продюсер және режиссер, Bazelevs компаниясының негізін қалаушы:

«Соңғы жылдары біз қазақтардың жаңа буыны әлемдегі ең танымал және сұранысқа ие контент авторларының қатарына енгенін көрдік. Олардың барлығы онлайн платформалардан шықты. TikTok-пен бірге біз одан да жаңа дарындыларды аша алатынымызға сенімдімін. Бүгінгі таңда TikTok - ең креативті бейне контенті мен ең өнертапқыш авторлары бар алаң. Оқиғаны өте қысқа форматта басқаша сипаттау мүмкін емес. Мұнда миллион оқырманның болуы, қымбат арнайы эффектілер немесе жұлдыздардың болуы міндетті емес. Ешқандай байланыс көмектеспейді – тек аудиторияны шынымен қызықтыратын нәрселер ғана ұсыныстар арнасына түседі. Сондықтан мен барлығын өз күштерін сынап көруге шақырамын – және TikTok-тың дарынды авторларымен үлкен кинода жұмыс істеймін деп үміттенемін».

Жобаға Қазақстандағы танымал TikTok авторлары да қатысты: Дәурен Әлкенов (@alkenov.official), Эдуард Басков (@eduardbaskov), Петр Тюрин (@likefam) және Арман Сапиолда (@sapiolda). Креаторлар байқауға қатысушылар үшін қызықты сценарий жазу туралы кеңестермен бөлісіп, сапалы бейне түсіру үшін не қажет екенін және қандай көрнекіліктер аудиторияның назарын аударуға көмектесетінін айтты.

TikTok туралы

TikTok - қысқа бейнелер жасауға арналған жетекші қосымша. Біздің мақсатымыз — адамдарды шығармашылыққа шабыттандыру және оларға қуаныш әкелу.

Достарыңызға айтыңыз: