Бүгін Kazakh Tourism ұлттық компаниясының кеңсесінде World Guide Day аясында гидтермен кездесу өтті.

Компания төрағасы Талғат Аманбаев қатысушыларды кәсіби мерекелерімен құттықтап, алғыс хаттар табыс етті.

Кездесу қатысушыларына еліміздің барлық гид, экскурсия жетекшісі мен туризм нұсқаушыларының деректерін біріктіруге арналған «e-Guide» жаңа цифрлық платформасының сынақ нұсқасы көрсетілді.

«e-Guide» - бұл гидтерге арналған алғашқы арнайы цифрлық платформа. Бір жағынан, бұл гидтердің өздерін кәсіби дамытуға арналған құрал, екінші жағынан - көрсетілетін қызметтерді жеңіл іздеу және бағалау бойынша туристер үшін ыңғайлы сервис.

Дүниежүзілік гидтер күнімен құттықтай отырып, елімізге келетін қонақтарымызға жағымды әсер қалдыру үшін аянбай тер төгіп еңбектенетіңізге алғысымызды білдіреміз, кәсібіңізге табыс тілейміз», - деді Талғат Аманбаев.

Жақын арада туристер арнайы бейдждегі QR кодын сканерлеу арқылы гид, экскурсия жетекшісі мен туризм нұсқаушыларының туралы ақпаратты, олардың біліктілігімен танысып, көрсетілген қызметтеріне пікір қалдыруға мүмкіндік алады.

Сонымен қатар, платформада туристік объектілер мен маршруттар бойынша бірыңғай білім базасы орналастырылады, бұл еліміздің гид, экскурсия жетекшісі мен туризм нұсқаушыларына туристерге бірыңғай сенімді ақпарат беруге көмектеседі.

Достарыңызға айтыңыз: