Осы жылдың 27-28 сәуірінде Астана Конгресс-орталығында Студенттік кәсіпкерліктің, стартаптар мен инновациялардың XXVIII Ұлттық кубогы, сондай-ақ мектеп кәсіпкерлігінің IV Республикалық чемпионаты өтеді. Іс - шараны ұйымдастырушы - қазақстандық ENACTUS Kazakhstan кеңсесі, "Kazakh Tourism" ұлттық компаниясының қолдауымен.

ENACTUS KAZAKHSTAN NATIONAL EXPO 2023 Үздік жастар стартап жобаларын таныстыру үшін ENACTUS Kazakhstan бағдарламасының жылдық қызметінің қорытынды алаңы болып табылады.

Биылғы жылы жарысқа Қазақстанның 17 өңірінен 40 студенттік және 70 мектеп командасы тіркелді. Екі күн ішінде командалар елдің жетекші кәсіпкерлері мен ENACTUS бағдарламасының табысты түлектері алдында БҰҰ-ның тұрақты дамуының 17 мақсатына жауап беретін өздерінің бизнес-жобаларын қорғайтын болады.

ENACTUS Kazakhstan national Competition студенттік байқауының қатысушылары Нидерланды, Утрехт қаласында өтетің әлем чемпионатында Қазақстанның атынан өкілдік етуге National EXPO CHAMPIONS атағы үшін күресетін болады.

ENACTUS халықаралық бағдарламасы 45 жылдан астам уақыт бойы әлемнің 33 елінде студенттік кәсіпкерлікті дамытып келеді. Бизнес-жобаларды іске асыру жөніндегі жастар бастамаларын дәстүрлі түрде халықаралық компаниялардың ірі басшылары қолдайды.

Жыл сайын бұл бағдарламаға 1 800 университет, 72 000-нан астам қатысушы тіркеледі. Қазіргі уақытта ENACTUS аясында жас талантты адамдар 3800 ге жуық жобаны жүзеге асырды.

Өткізу мерзімі: 27-28 сәуір
Өткізу уақыты: 9.00 – 18.00
Баспасөз туры: 11.00-12.00
Өтетін орны: Астана Конгресс-орталығы
Мекен-жайы: Астана қ., Сауран к-сі, 44

БАҚ байланыс:
Электрондық мекен-жайы: enactuskaz@gmail.com.
Телефон нөмірі: 8 777 244 38 81, Жаңагүл Рыспек

 Анықтама
"Kazakh Tourism" ҰК " АҚ Қазақстан аумағындағы MICE жобаларын қолдайды. MICE (кездесулер, сапарлар, көрмелер мен конференциялар) - бұл корпоративті клиенттер мен іскери серіктестерге бағытталған іскерлік кездесулер, конференциялар, семинарлар, көрмелер және басқа іс-шараларды ұйымдастыруды қамтитын сала. "Kazakh Tourism ҰК" АҚ MICE жобасын қолдау мүмкіндігін қарастыру үшін іс-шара мынадай келесі шарттарға сәйкес келуі тиіс:
· Іс-шара елдер бойынша өтуі тиіс. Бұл жоба әлемнің әртүрлі елдерінде жүргізілуі керек дегенді білдіреді. Мұндай тәсіл туристер ағынын арттыруға, іскерлік кездесулер үшін қызметтер мен мүмкіндіктер ұсынысын кеңейтуге, сондай-ақ Қазақстанның шетелдік туристер үшін танымалдығы мен тартымдылығын арттыруға көмектеседі.
· Іс-шараның циклдік сипаты болуы керек. Жоба белгілі бір уақыт аралығында бірнеше рет жүргізілуі керек.
· Іс-шара шетелдік туристерді тартуы керек. Іс-шара басқа елдердің іскер серіктестері мен туристері үшін қызықты әрі тартымды болуы тиіс. Бұл ретте Қазақстанда жайлы және қауіпсіз болуды қамтамасыз ету үшін шетелдік қонақтардың мәдени және тілдік ерекшеліктерін ескеру маңызды.

Жалпы, MICE жобаларын қолдау Қазақстанда туризмді дамыту шеңберінде "Kazakh Tourism ҰК" АҚ қызметінің маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Аталған критерийлерді сақтай отырып, бұл іс-шаралар туристерді тартудың және турбизнестің халықаралық өкілдерімен іскерлік қарым-қатынастарды дамытудың тиімді құралы бола алады.

Достарыңызға айтыңыз: