Қазақстан мен БАӘ-нің креативті индустриялар саласындағы ынтымақтастығының жаңа көкжиектері

Үкіметтің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 860 қаулысымен бекітілген креативті индустрияларды дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының «креативті индустриялар саласындағы халықаралық компаниялар мен холдингтерді тарту» іс-шарасын орындау мақсатында «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясының бейінді мамандары Дубай және Әбу-Даби қалаларына барды.

Yas Creative Hub және Dubai Design District креативті хабтарының басшылығы музыка, бейне өндірісі, геймдевелопмент, дизайн, өнер және сән саласындағы бизнес-идеяларды бірлесіп құратын және ақшалы ететін креативті кәсіпкерлер үшін осындай инновациялық ауқымды кеңістіктерді ұйымдастыру тәжірибесімен бөлісті.

Бұл ретте, кездесулер барысында 2024 жылы бірлескен іс-шараларды өткізу, сондай-ақ бүкіл Орталық Азия өңірінен келген креативті кәсіпкерлер үшін travel сессиялары мен воркшоптар ұйымдастыру бөлігінде өзара ынтымақтастық уағдаластығына қол жеткізілді.

Сонымен қатар, Kazakh Tourism мен Дубай дизайн және инновация институты (DIDI) студенттерге арналған тағылымдама бағдарламаларын әзірлеу қажеттілігін және студенттердің креативті индустриялар саласындағы құзыреттілігін арттыру үшін Didi-ден Қазақстанға оқытушылардың қонақ сапарларын атап өтті.

Жұмыс сапарының соңында Kazakh Tourism креативті туризм департаментінің директоры сала мен компанияның алдында тұрған бірқатар бірінші кезектегі міндеттерді атап өтті.

Достарыңызға айтыңыз: