Брейк және скейтбординг бойынша болашақ Олимпиада чемпиондарының киім үлгісін әзірлеуге арналған OLYMP URBAN CULTURE.KZ халықаралық конкурсы басталды
Олимпиада ойындары әрқашанда өте танымал болды және көрермендердің назарын ұстап тұру мен жастарды тарту мақсатында, ұйымдастырушылар жаңалықтар мен өзгерістерге бейімделіп, спорт пен мәдениеттегі заманауи үрдістерді көрсетуге тырысады.
Осындай заманауи үрдістердің бірі – Олимпиада ойындарына жастардың мүдделеріне барынша сай келетін жаңа тәртіп енгізу. Мысалы, 2021 жылы Токиода өткен жазғы Олимпиада ойындарында брейк-данс пен скейтбордингтен жарыстар тарихта алғаш рет өтті. Бұл ойын түрлері жаңа аудиторияны тартып, түрлі спорттық қойылымдардың жасалуын көрсетті.
Қазақстанның дарынды жастарын қолдау және заманауи спортты кеңінен насихаттау, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында брейк және скейтбординг бойынша чемпиондарының киім үлгісін әзірлеуге арналған OLYMP URBAN CULTURE.KZ конкурсы басталды.
Байқаудың басталуына орай өткен шарада Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев: «Олимпиада ойындарында көрермендер спортшылардың сыртқы келбетіне ерекше назар аударады. Киім үлгісінің дизайны ұлттық ерекшеліктер мен мәдени мұрасын көрсетуге мүмкіндік береді», - деп атап өтті. Сондықтан вице-министр осы байқау шеңберінде қатысушыларды киім үлгісінің функционалды немесе жайлы ғана емес, оның спортшылар мен көрермендерді шабыттандыратын ерекше және есте қалатындай дизайны бары қылып жасауға шақырды.
Байқаудың басты мақсаты - 2024 жылы Париж қаласында өтетін Олимпиада ойындарында алғашқы рет қатысатын қазақстандық брейк-дансерлер мен скейтбордшылар командасы үшін спорттық киім дизайнын әзірлеу болып табылады.
Байқаудың ұйымдастырушысы - BASE компаниясы, ал серіктестері - ҚР Спорт және дене шынықтыру істері комитеті, ҚР спорттық би федерацияларының қауымдастығы, Қазақстан скейтбординг Федерациясы, «Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы, ЮНЕСКО Кластерлік Бюросы, Global Nomads, Forte Bank және т. б.
Жоба жеңімпазы үшін жүлде қоры 1 000 000 теңгені құрайды.
«Креативті индустрияларды дамытудың заманауи тәсілінде мәдениет, спорт, туризм және креатив арасындағы симбиозды табу өте маңызды. Біз бұл жобаны қолдауды қажет деп санаймыз», - деп атап өтті Kazakh Tourism креативті туризм департаментінің директоры Ирина Харитонова.
«Біз ForteBank-те осындай маңызды бастаманың бір бөлігі болуға және заманауи креативті индустриялардың дамуына қолдау көрсетуге қуаныштымыз. Біздің жастарымыз, спортшыларымыз және таланттарымыз басқа елдің өкілдері сияқты жетістіктерге қол жеткізе алады деп сенеміз. Осы жобадағы үздік дизайнерлер мен үздік олимпиадашылардың ынтымақтастығы есте қаларлық болып, құрама командалардың жетістігін толықтырғанын қалаймыз», - деп бөлісті ForteBank PR директоры Антон Ким.
«Мемлекеттің, федерацияның, спортшылардың, жас дизайнерлер мен брендтердің күші біріктірілгенде – нәтижесіз қалу мүмкін емес», - деп есептейді Global Nomads брендінің Астана қаласындағы филиалының директоры Ирина Добжанская.
Конкурстың қорытындысы осы жылдың 28 шілдесінде аяқталып, спорт, сән және басқа да креативті индустриялардың жергілікті және халықаралық сарапшыларының қазылар алқасының құрамында жарияланады.