Туризм саласындағы ұлттық сыйлық

2018 жылғы 8 желтоқсанда туризм саласындағы ұлттық сыйлықты тапсыру рәсімі өтеді туризм саласындағы ұлттық сыйлық барлық сабақтас салаларды қоса алғанда, туризм индустриясын дамыту саласындағы жетістіктері үшін ашық конкурстың қорытындылары бойынша берілетін салалық марапат ретінде белгіленеді. Сыйлықтың мақсаты: - келу және ішкі туризм саласындағы неғұрлым табысты жобаларды/турөнімдерді/туроператорларды анықтау, оларды ілгерілету және қалың жұртшылық тарапынан туризм индустриясына мүдделі қатынасты қалыптастыру құралы ретінде туризм саласындағы ұлттық сыйлықты алуға ашық конкурстық іріктеуді ұйымдастыру және өткізу. - өңірлер мен ел аумағында туризмді дамыту саласында тәжірибе алмасу үшін және аумақтарды дамыту мен ілгерілетуге арналған құрал ретінде сыйлық негізінде ақпараттық және коммуникациялық алаң құру. - Туризмдегі қызмет көрсету саласындағы қызмет көрсету сапасын жақсарту. Конкурсқа қатысуға туристік индустрия мен сабақтас салалардың өкілдері шақырылады. Конкурсқа 2018 жылы іске асырылған жобалар да қатыса алады. Ресми номинациялардағы конкурстық іріктеуге қатысу үшін ресми сайттың "өтінім беру" бөліміндегі сыйлыққа қатысушының сауалнамасын толтыру қажет TourismAwards.kz

Достарыңызға айтыңыз: