Өткен аптаның соңында Қазақстаннан келген делегация Түркі мемлекеттері ұйымы елдеріндегі туризм бойынша, оның ішінде Түркістанды ілгерілету үшін бірден екі іс-шараға қатысты.
Түркияда жыл сайынғы East Mediterranean International Tourism & Travel Exhibition (EMITT) көрмесі өтті, оған 28,5 мың адам қатысты. Көрмеге қатысу аясында Kazakh Tourism Ұлттық компаниясының төрағасы Қайрат Сәдуақасов пен Түркістан халықаралық әуежайының бас директоры Хамди Гювенч бастаған қазақстандық делегация Түркі мемлекеттері ұйымы Бас хатшысының орынбасары Мирвохид Асимовпен кездесті.
Кездесуде тараптар, рухани астана және 2024 жылғы түркі әлемінің туристік астанасы Түркістанда өтетін перспективалық жоспарлар мен жобаларды талқылады.
Сонымен қатар, көрмеде Kazakh Tourism ұлттық компаниясының өкілдері бірқатар бағыттар бойынша әріптестік орнатуға тіл табысты. Мысалы, Paximum платформасының түрік маркетплейс тәжірибесін пайдалана отырып, туристік саланы цифрландыру көзделді. Түрік туроператорларымен және Қожа Ахмет Ясауи мұрасын зерттейтін сарапшылармен кездесулер өтіп, қажылық туризмін дамыту мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, Pronto Tour және Pronto MICE-пен серіктестікте Түркиядан Қазақстанға туристік ағымды ұлғайту жоспарлануда.
Одан кейін Өзбекстандағы Samarkand Tourism Forum-ында Kazakh Tourism басшысы Өзбекстанның ең ірі туроператорларының бірі Rocket Group-пен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
Қол қоюдың негізгі нәтижесі Түркиядан, Оңтүстік Кореядан және басқа да бірқатар елдерден Түркістанға Rocket Group компаниясының туристік топтарын тарту болып табылады.
«Өзбекстандық әріптестер туристік қызметтер нарығында ұзақ уақыт жұмыс істеп келеді және өңірге туристердің үлкен көлемін тартады. Rocket Group-пен серіктестікте біз Өзбекстанға келетін саяхатшылар үшін географияны кеңейтіп, Түркістанға әкелуді қалаймыз. Биыл Түркістан «Түркі әлемінің» туристік астанасы мәртебесіндегі іс-шаралардың нағыз оазисі болуға ниетті. Біз бұл брендті танымал етуде нақты қадам жасадық», - деп атап өтті Қайрат Сәдуақасов.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы 3 қарашада Түркі Мемлекеттері Ұйымының X саммиті аясында «Түркі әлемі» жаңа брендін танымал ету туралы айтқан болатын.