Блогер ұлттық дәстүрлерге және қазақстандық шоколадқа ерекше көңіл бөледі. Юдзи оларды өзінің әлеуметтік желілерінде белсенді түрде дәріптейді.
Венада тұратын жапон блогері Юдзи Қазақстанда 3 рет болған. Ол Kazakh Tourism ұйымдастырған ақпараттық турларға да қатысты. Бұл сапарлар оған Қазақстанды тереңірек танып-білуге мүмкіндік берді.
«Мен үшін мұндай жауапты миссияны қабылдау – үлкен мәртебе. Одан көбірек контент жасап, Қазақстанның және қазақ халқының сұлулығын көрсетуге тырысамын», - деп өз ойымен Юдзи бөлісті.
Айта кетейік, 2018 жылдан бастап Kazakh Tourism «Туризм елшісі» бағдарламасын жүзеге асырады. Бағдарлама Қазақстанды тартымды туристік бағыт ретінде насихаттауға және әлемнің әр түкпірінен саяхатшылардың назарын еліміздің табиғи және мәдени байлығына аударуға бағытталған.