Air Astana Алматыдан Токиоға тікелей рейстерді іске қосады

 Air Astana Алматыдан Токиоға тікелей рейстерді іске қосады
2026 жылғы 30 қарашадан бастап Air Astana әуекомпаниясы Алматы – Токио – Алматы бағыты бойынша тұрақты тікелей рейстерді іске қосады. Рейстер аптасына екі рет Нарита халықаралық әуежайына орындалады.

Алматыдан Токиоға ұшу ұзақтығы 7 сағат 30 минутты, ал кері бағытта 9 сағат 25 минутты құрайды.

Жапония — Қазақстан үшін жоғары сұранысқа ие туристік нарық. Соңғы жылдары бұл елден келетін саяхатшылар саны тұрақты артып келеді. Атап айтқанда, 2023 жылы Қазақстанға 6,7 мың адам келсе, 2024 жылы бұл көрсеткіш 9,3 мың адамға дейін (+39%) өсті, ал 2025 жылы 11 мың адамға (+18%) жетті.

Екі ел арасындағы тікелей әуе қатынасының ашылуы келу мен шығу туризмін дамытуға жаңа серпін беріп, Қазақстанды Жапония нарығында танымал бағыт ретінде ілгерілетуге жол ашады.
Достарыңызға айтыңыз: