«Болашақ» халықаралық бағдарламасы конкурстық іріктеуге қатысу үшін құжаттарды қабылдауды жалғастыруда. Үміткерлер үшін туризм және креативті индустрия бойынша стипендиялар бар.

 

Биылғы жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша басым мамандықтар тізбесі академиялық оқу үшін 92 мамандықты және тағылымдамадан өту үшін 158 мамандықты көздейді.

 

Еңбек нарығының трендтерін талдау нәтижелері бойынша биылғы жылы тізбеге 40 жаңа, оның ішінде креативті индустрия және туризм саласындағы мамандықтар енгізілді.

 

Бұдан басқа, туристік индустрия практиктерінің шетелдік тағылымдамадан өту мүмкіндігі бар

 

Құжаттарды тапсыру мерзімі туралы ақпарат https://bolashak.gov.kz/kz/allnews/bolasha-stipendiyasyna-zhat-abyldau-bastaldy

 

Талап етілетін құжаттар пакеті туралы ақпарат https://bolashak.gov.kz/kz/zhattardy-alaj-tapsyru-bolady

 

«Болашақ» стипендиясын тағайындауға конкурстық іріктеуге қатысуға құжаттарды мына сілтеме бойынша беруге болады https://egov.kz/cms/ru/services/higher_education/184pass_mon

 

«Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін конкурстық іріктеу 3 турдан өтетінін атап өтеміз: кешенді тестілеу, тәуелсіз сараптама комиссиясының мүшелерімен жеке әңгімелесу және шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысында құжаттарды қарау.

 

«Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар ағымдағы жылдың 14 қазанына дейін Egov.kz мемлекеттік қызметтер порталында қабылданады. Тағылымдамадан өту үшін құжаттарды қабылдау 5 қыркүйекте басталып, 2022 жылғы 14 қазанға дейін жалғасады.

Достарыңызға айтыңыз: