«Шымбұлақ» тау курорты креативті хабтың үздік дизайн-концепті байқауының жеңімпазын таңдады

«Шымбұлақ» тау курорты креативті хабтың үздік дизайн-концепті байқауының жеңімпазын таңдады

2022 жылдың 29 маусымында «Медеу» базалық станциясында ауданы 1 100 ш.м. шығармашылық кеңістіктің үздік дизайн-жобасына «Шымбұлақ» тау курортынан байқау басталды.

Байқауға қатысушылар өз көзқарастарын электронды түрде фото, графика және кеңістікті 3D визуализациямен ұсынды. Көптеген жұмыстардың негізгі идеясы креативті адамдарды біріктіру және олардың тәжірибе мен білім алмасуына ықпал ету болды.

Барлық жұмыстар «Шымбұлақ» ТК өкілдерінен тұратын арнайы ұйымдастырылған комитетпен, сондай-ақ «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясының мамандарын тарта отырып бағаланды.

Қазылар алқасы конкурстық өтінімдерді қарастыра отырып, дизайн-жобаның байқаудың мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестігін, конкурстық жұмысты орындау сапасын және дизайн-концептіні іс жүзінде іске асыру мүмкіндігін бағалады.

Ринат Абдрахманов, «Шымбұлақ» ТК Бас директоры: «Біздің байқау Алматының бас креативті қала екенін растайды. Көптеген жаңа идеялар. Жұмыстарды практикалық іске асыруға бейімдеуге болады».


Ашық дауыс беру арқылы 5 жүлдегер іріктеліп, «Шымбұлақ» ТК келесі жүлделер қарастырылды:

I орын – «Levelstudio» №2 жоба – жеңімпаз концептінің дизайнын сатып алу және оны одан әрі іске асыру;

ІІ орын – «Bureau2x2» студиясы – 1 000 000 теңге;

ІІІ орын – «Baashouse» және «Levelstudio» жоба №1 – «Шымбұлақ» ТК жоба командасының барлық қатысушылары үшін маусымдық ski-pass (5 адамнан артық емес).

IV орын – «Faenomen Creative Studio» – «Шымбұлақ» ТК 20 абонементі;

V орын – Әділбек Жиембаев – «Шымбұлақ» ТК 10 абонементі

 

Алматы шығармашылық кеңістігінің дизайн-жобасын әзірлеуге ашық тендердің қорытындылары туралы хаттама

https://shymbulak.com/wp-content/uploads/2022/08/B-12-yac.00-MUH..pdf

Достарыңызға айтыңыз: