Kazakh Tourism және катарлық Estithmar Holding серіктес болды

Қазақстан-Катар инвестициялық форумына қатысу аясында «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы «Estithmar Holding» Катар холдингінің атқарушы директоры Хенрик Кристиансенмен кездесуі өткізді.

Кездесуде Қазақстанның туристік әлеуеті мен елдегі инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды. Сондай-ақ, туристік салада кейбір инвестициялық жобаларды іске асыру мүмкіндіктері қарастырылды.

Генрик Кристиансен мырза Маңғыстау және Түркістан облыстарында жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық білдірді.

Estithmar Holding - Катарда орналасқан компаниялар консорциумы, оның портфелінде әртүрлі салаларда, соның ішінде туризм, құрылыс, медицина, жылжымайтын мүлік және т.б. салаларды қамтитын компаниялар бар.

Форум қорытындысы бойынша «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ мен «Estithmar Holding» арасында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды. Ол Қазақстанның туристік саласының жобаларына инвестициялар тарту бойынша одан әрі әріптестік қарым-қатынастардың бағыттарын айқындайды.

Достарыңызға айтыңыз: