Алматыда Креативті Индустриялар Апталығы ашылды

Ауқымды шараға 30 халықаралық ұйымдардан 130 спикер қатысуда.

Алматы қаласының әкімдігінің бастамасымен Креативті Индустриялар Апталығына Қазақстан, Беларусь, Ұлыбритания, Германия, Голландия, Қырғызстан, Италия, Польша, Ресей және Өзбекстан спикерлері қатысады.

Алматыда креативті индустриялар секторы, мемлекет және бизнес арасындағы мұндай диалог алғаш рет өткізіліп жатыр. Алайда, қазірдің өзінде үкіметтік деңгейде республикада креативті кластерді қолдау және дамыту шаралары қабылдануда.

 Апталықтың салтанатты ашылуында ҚР Мәдениет және спорт Вице-министрі Ержан Еркінбаев атап өткендей: "Бүгінде мемлекеттің креативті дамытуды қолдауға берік ниеті бар. Бұл туралы мәдениет және спорт министрлігінің ең жоғары деңгейінде, мемлекет басшысы креативті индустрияларға басымдық беру туралы тапсырма берген кезде бірнеше рет мәлімделінді. Өткен жылдың соңында үкімет креативті индустрияларды дамыту тұжырымдамасын қабылдады және қазіргі уақытта оны жоспарлы түрде іске асыру жұмыстары жүргізуде. Концепция ретінде қазіргі заманғы өнер, кино, музыка, сән, қолөнер және цифрлық өнердің негізгі секторларын, сондай - ақ креатив саласындағы заңды және жеке тұлғалардың неғұрлым жоғары шоғырланған 3 басым қаланы - Нұр-сұлтан, Алматы, Шымкент айқындағанын атап өту маңызды. Бұл қалалардың тізімі кеңейеді.

Креативті индустрияларға қатысты өзгерістер мен толықтырулар кәсіпкерлік кодекске және "Мәдениет туралы" заңға енгізіледі. Кәсіпкерлік кодексте креативті индустриялар жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың негізгі бағыттарына енгізілген".

 Сонымен қатар, Ержан Еркінбаевтың айтуынша, министрлік әртүрлі заңдар мен кодекстерге кеңейтілген өзгерістер пакетімен жоспардан тыс заң жобасын әзірлеуге бастамашылық жасайды: «Біздің көзқарасымызда креативті индустрия өкілдері мемлекеттік қолдауды алып қана қоймай, салықтың белгілі бір түрлерінен босатылуы керек. Тек мемлекет қана емес, сонымен қатар меценаттар мен бюджеттен тыс төлемдер есебінен қаржыландырылатын креативті жобаларды қолдау бойынша жеке қор пайда болуы қажет. Осы жаңа енгізілімдердің барлығы заң жобасында көзделетін авторлық және сабақтас құқықтар бойынша нормаларды жетілдірумен қатар жүруі тиіс. Заң жобасының тұжырымдамасы жалпы жұртшылыққа ағымдағы жылдың соңына дейін ұсынылатын болады. Сондай-ақ, жыл соңына дейін үкімет жеңілдетілген қаржыландыру ретінде қолданыстағы мемлекеттік қолдау шаралары қолданылатын креативті индустриялар қатарынан басым қызмет түрлерінің тізімін айқындайды. Басым қалаларда бизнесті қолдаудың өңірлік бағдарламалары шеңберінде жергілікті қолдау бағдарламалары пысықталуда»,-деп түйіндеді Вице-министр.

Сонымен қатар, сарапшылар креативті индустриялардың экономикасы ең алдымен адами капиталмен ұсынылғанын атап өтті.

 «Шығармашылық экономика инновациялық идеяларға құндылық береді. Кез келген идеяның төленуі міндетті. Өткен жылы Қазақстан үкіметі креативті индустрияларды дамыту тұжырымдамасын қабылдады. Сондай-ақ, Алматы әкімі Ерболат Досаев креативті индустрияларды қолдаудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасын әзірледі. Бұл білім беру саласындағы қолдауды, инфрақұрылымдық қолдауды-шығармашылық кластерлерді, хабтарды ашуды білдіреді. Алматыда 22 мыңнан астам креативті кәсіпкер бар», - деді Алматы қаласының креативті индустрияларды дамыту бөлімінің басшысы Дина Әбдірахмет.

Өз кезегінде, беделді сарапшылар, Алматының креативті индустриялар апталығының қатысушылары көп жылдық тәжірибелерімен бөліседі. Сонымен, Universal University (Ұлыбритания) креативті индустриялар университетінің ректоры Екатерина Черкез-Заде, «креативті экономика әлемдік экономиканың маңызды бөлігіне айналуына және бұл саланың мамандары фрилансер болып жұмыс істеп, көлеңкеде қалмауы қажет» деген тұжырымға сенімді.

Сонымен қатар, ololo (Қырғызстан) компаниялар тобының негізін қалаушы Данияр Аманалиев «Креативті индустриялар паркі туралы» заңы, сондай-ақ қазақстандық мамандармен жоспарланған тығыз ынтымақтастық туралы мәлімдемеді.

Сарапшы креативті экономика бойынша таяудағы халықаралық конференция Самарқандта өтетінін, бұл өз кезегінде Орталық Азия елдеріне үлкен назар аударатынын атап өтті.

Сонымен қатар, Caravan Cultura CRE Art Agency (Нидерланды) негізін қалаушы Елена Харитонова голландиялық дизайн апталығында Қазақстаннан келген digital-fashion өкілдері сәтті қатысқаны туралы хабарлады. Спикер атап өткендей, «қазір Қазақстанда кеңейіп келе жатқан Phillips компаниясы жобаға қызығушылық танытты және креативті мамандарға көңіл аударуда. Биыл Еуроодақтың көптеген елдері Қазақстанмен дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуын атап өтуде және қазақстандық суретшілер мен дизайнерлердің қатысуымен көрмелер ұйымдастыра отырып, ел халықаралық кеңістіктің маңызды бөлігіне айналғаны байқалып жатыр», - дейді Елена Харитонов.

Сонымен қатар, Алматының креативті индустриялар апталығының ашылуы аясында қала әкімдігі, Universal University креативті индустриялар университеті, Caravan Cultura CreArt

Agency, ALMA U және басқа да ұйымдар арасында өзара әрекеттесу және саланың дамуына жол ашатын, ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.

Естеріңізге сала кетсек, Алматының креативті индустриялар апталығы 1-5 қараша аралығында өтеді. Бірегей оқиға креативті экономика сарапшыларын, бизнес негізін қалаушыларды, индустрия зерттеушілерін, мәдениет және өнер қайраткерлерін біріктіреді. Сараптамалық сессиялардан, пікірталастардан, воркшоптардан және мастер-класстардан басқа, CIW негізгі алаңында республикадан тыс жерлерде мәдениетті дамытуға және қазақстандық шығармашылықты танымал етуге елеулі үлес қосқан флагмандық жобалардың тұсаукесері өтеді. Креативті индустриялар апталығы аясында Алматыда көрмелер, перфоманстар, мастер класстар және тағы басқа іс-шаралар ұйымдастырылады. Сонымен қатар, Тимур Бекмамбетовтың «ПРОФИЛЬ» фильмінің премьералық көрсетілімі, сондай-ақ Алматы қаласы мен Алматы облысының тұрғындары арасында Dota 2 пәні бойынша Almaty creative Week eSports Cup 2022 Киберспорт турнирі өтеді.

Достарыңызға айтыңыз: