Бұл туралы Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев Алматы қаласының тұрғындарымен туристік саланы дамыту мәселелері бойынша кездесуде мәлімдеді.

Қолда бар мәліметтерге сәйкес, ішкі туристердің жалпы саны 6,6 млн адамды құрады. Мұнда ұлттық парктарға келушілер мен орналасу орындарында тоқтаған туристер ескеріледі.

Ағымдағы жылдың 9 айында еліміздегі орналастыру орындарында 4,9 миллион отандық туриске қызмет көрсетілген. Бұл былтырмен салыстырғанда 1 миллион адамға артық көрсеткіш.

Ал ұлттық парктардың осы кезеңдегі келушілер саны 1,7 миллионнан астам адам құрады. Бұл көрсеткіштің жартысынан көбі – 900 мың адам – Алматы өңірінің паркатарына тиесілі: Іле-Алатау, Шарын, Алтын Емел және Көлсай көлдері.

Статистикаға сүйенсек, әрбір төртінші турист, яғни 1 миллионнан астам қазақстандық саяхатшы, Алматыдағы қонақүйлерге орналасқан. Бұған дейін еліміздің ешбір өңірінде 9 айдың ішінде осындай көрсеткішке жеткен орналастыру орны тіркелмеген еді.

Туристік ағымның ұлғайғандығына байланысты орналастыру орындарында көрсетілетін қызметтер көлемі де артты. Қонақжайлар, демалыс орталықтары, қонақүйлер, хостелдер және басқа да орналастыру орындары 9 айда 130 миллиард теңге табыс тапқан. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 50 пайызға артық көрсеткіш.

Үш облыстың туризмнен тапқан табысы ұлғайған. 2019 жылмен салыстырғанда Түркістан, Маңғыстау және Ақмола облыстарында көрсетілген қызмет көлемі екі есеге артып, тиісінше 3,9 миллиард теңгені, 9 миллиард теңгені және 12,8 миллиард теңгені құраған.

Қонақүйлер мен басқа да орналастыру орындарында демалатын шетелдік туристер саны да артып, 610 мың адамға жеткен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда үш есе көп.

Еліміздің нөмірлік қоры да үлкейіп келеді. Жыл басынан қыркүйекке дейінгі аралықта 11 000 жатын орын немесе 5 000 қонақүй бөлмесі пайда болған. Бұл ретте Қазақстанда 3956 орналастыру орнына 204 мың адамды жайғастыруға болатынын атап өтуге болады.

Кездесуде вице-министр қысқы туризмнің басталуына жеке тоқталып, Қазақстанның бәсекелестік артықшылықтарын атап өтті. Бұл жылына 300 шуақты күн, 6 ай сырғанау мерзімі, курорттардың үлкен қалалардан жақын орналасуы, табиғи жауын-шашын мөлшерінің жоғары деңгейі.

Іс-шара соңында туризм саласындағы кәсіпкерлермен мемлекеттік қолдау шаралары талқыланды.


#халықпенкездесу

Достарыңызға айтыңыз: