Қазақстандық делегацияның Бішкек қаласындағы CREATE 4 креативті индустриялар фестиваліне қатысуы

Ағымдағы жылдың 29 сәуірінде Қырғызстан, Бішкек қаласында CREATE 4 креативті индустрияларының Халықаралық форумы өтеді. Форумның ресми серіктестері - Орталық Азиядағы Америка Университеті (ОААУ) және Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ).

Форумның негізгі мақсаты Орталық Азия қалаларында креативті индустрияларды дамыту және мемлекеттік органдар, бизнес-қоғамдастық және креативті индустриялар өкілдері арасында диалог үшін тұрақты алаң құру болып табылатынын атап өтеміз.

Алдағы іс-шара шеңберінде Орталық өңірлердің креативті экономикасын дамытуды талқылау, креативті индустриялардың жаңа бизнес модельдерін құру, халықаралық әріптестік және тәжірибе алмасу жоспарлануда.

Форумның спикері болып «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ төрағасының орынбасары Қ.С. Садуақасов «Орталық Азияның креативті Жібек жолы» тақырыбымен сөз сөйлейді.

Сондай-ақ, іс-шараға өнер, музыка, IT, цифрлық (digital) кәсіптер және Қырғызстаннан, сондай-ақ басқа елдерден келген басқа да креативті салалардың табысты өкілдері қатысады.

Қазақстаннан келген делегация мүшелері үшін арнайы Бішкек қаласының ololoErkindik, ololoPlanet сияқты танымал креативті хабтары бойынша көшпелі воркшоп ұйымдастырылады. Сондай-ақ, қазақстандық делегация Қырғызпатент жанындағы Инновациялық орталықтың, Technopark Coworking, Codify бағдарламалау академиясының, 1.1 Studio медиа продакшнының, жоғары технологиялар паркінің қызметімен танысады.

Қырғызстанда «Креативті индустриялар Паркі туралы» Заң қабылданды, ол креативті қызметпен айналысатын кәсіпкерлер қызметінің ерекше режимінің жұмыс істеуі үшін құқықтық негіздер жасайды. Мұндай механизмді құру тек жоғары қосылған құны бар тауарлар мен қызметтерді құруға мүмкіндік беріп қана қоймай, халықаралық аренада танудың инвестициялық тартымдылығына мүмкіндіктер ашады.

Достарыңызға айтыңыз: