Сауд Арабиясында Қазақстандағы туризм саласындағы инвестициялық жобалар талқыланды

Қазақстанның Riyadh Travel Fair туристік көрмесіне қатысуы аясында Қазақстан делегациясының Сауд Арабиясы Корольдігінің Инвестициялар министрлігінің өкілдерімен Қазақстан туризмі саласындағы инвестициялық жобаларды талқылау бойынша кездесуі өтті.

Кездесуде Kazakh Tourism ұлттық компаниясының Басқарма төрағасы Талғат Аманбаев Қазақстанның туристік әлеуетін таныстырып, туризм саласындағы бірқатар пысықталған инвестициялық жобаларды көрсетті.

Жобалар тізімінде, мысалы, 800 нөмірлі Ақбурдағы курорттық қонақ үй, 200 нөмірлі Алматы облысындағы бес жұлдызды қонақ үй, Түркістан облысындағы және Алматы тау кластеріндегі тау шаңғысы курорттары, Маңғыстау облысындағы 150 нөмірлі курорт, Шығыс Қазақстан облысындағы туристік кешендер кіреді.

САК Инвестициялар министрлігінің Туризм индустриясы жөніндегі бөлімшесінің басшысы Ахмад Ф. Жамал мырза аталған жобаларға қызығушылық танытып, сонымен қатар САК азаматтарының Қазақстанға келуге деген қызығушылығының артып келе жатқанын және екі ел арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастардың серпінді өскенін атап өтті.

Уағдаластық бойынша, Сауд Арабиясын делегаттарының 2023 жылдың маусым айында өтетін Astana Finance Day аясында Астанаға сапары шеңберінде  жобаларды одан әрі талқылау жоспарланып отыр.

Достарыңызға айтыңыз: