«Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қоғамның Жарғысына сәйкес «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйымды айқындау Жалғыз акционердің айрықша құзыретіне жатады.

2022 жылғы 24 мамырдағы Жалғыз акционердің шешіміне сәйкес Қоғамның 2021 жылғы қаржылық есептілігіне аудит жүргізу үшін аудиторлық ұйым «STAR AUDIT» ЖШС болып белгіленді.

2021 жылға арналған аудиторлық қызметтердің құны аудиторлық қызметтерді ұсыну жөніндегі шарттың талаптарына сәйкес 1 080 мың теңгені құрады.

«Kazakh Tourism» ҰК» АҚ-ның 2021 жылдың аудиттелген жылдық қаржылық есептілігі Жалғыз акционердің 2022 жылғы 22 тамыздағы шешімімен, № 42 бұйрық, бекітілген.

Жалғыз акционердің 2023 жылғы 19 мамырдағы шешіміне сәйкес Қоғамның 2022 жылғы қаржылық есептілігіне аудит жүргізу үшін аудиторлық ұйым «Audit Vector» ЖШС болып белгіленді.

Аудиторлық қызметтерді ұсыну жөніндегі шарттың талаптарына сәйкес 2022 жылға арналған аудиторлық қызметтердің құны ҚҚС есептемегенде 2 млн. теңгені құрады.