Ақкөл қаласында фин брендінің туристік үйлері пайда болуы мүмкін

Ақкөл қаласында фин брендінің туристік үйлері пайда болуы мүмкін

Астанадағы «Қазақстан-Финляндия» бизнес форумы аясында отандық «TӦR`RE» компаниясы танымал фин брендіне айналған және ағаш үй құрылысы мен экологиялық таза үйлер шешімдеріне маманданған «Honka» компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжат экологиялық технологияларды енгізуге, жайлы туристік инфрақұрылымды дамытуға және табиғи ортаны сақтауға бағытталған.

«TӦR`RE» компаниясы Аққол қаласындағы жобаны дамытуға ниет білдіріп отыр. Бұған дейін 4,5 млрд теңге инвестицияға Wyndham Residences Aqkol қонақ үйі салынды. Енді компания 50 астам туристік үйдің іргетасын қалауды жоспарланып отыр.

«Біз тұрақты даму стандарттарын ұстанамыз. Әр түрлі елдің үй құрылысы технологияларын талдап, экологиялық таза, технологиялық және сапа талаптарына сәйкес келетін шешімдерді таңдаймыз. Биылғы наурыздан  бастап финдік «Honka» компаниясымен келіссөздер жүргізіп келемізБұл брендтің ағаш материалдары әлемдегі ең үздіктердің бірі болып есептеледі. Біз осы технологияларды Қазақстанда қолдану мүмкіндігін қарастырып жатырмыз», - деп атап өтті «TӦR`RE» компаниясының басқарма төрағасы Тимур Қожабеков.

Ынтымақтастық финдік озық технологияларды енгізуге және тұрақты даму саласындағы халықаралық байланысты нығайтуға жол ашады.

Достарыңызға айтыңыз: