«Kazakh Tourism» ұлттық компаниясының ұжымы әз-Наурыз мейрамын ерекше көңіл-күймен атап өтті. Ұлттық құндылықтарды дәріптеп, салт-дәстүрімізді насихаттауға бағытталған мерекелік іс-шара компания қызметкерлерінің басын қосты.
Мерекелік шара барысында ұлттық киімдер киіліп, қазақ халқының бай мәдениеті мен дәстүрлері кеңінен насихатталды. Қызметкерлер бір-біріне ақжарма тілектерін арнап, Наурыздың береке мен бірліктің, жаңару мен ізгіліктің мерекесі екенін айшықтай түсті.
Іс-шара аясында ұлттық тағамдар ұсынылып, мерекелік дастарқан жайылды. Сонымен қатар, ұжым арасында көтеріңкі көңіл-күй қалыптастырып, корпоративтік бірлікті нығайтуға бағытталған түрлі белсенділіктер ұйымдастырылды.
Наурыз – татулық пен ынтымақтың, ізгілік пен жаңарудың бастауы. Осы орайда, «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясының ұжымы барша қазақстандықтарды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, әр шаңыраққа амандық, бақ-береке және молшылық тілейді.