Өнердің көмегімен ЭГОДАН ЭКО-ға қалай өтуге болады?

Ақтауда суретшілер, фотографтар, digital дизайнерлер арасында «ЭГО-дан ЭКО-ға дейін» тақырыбында республикалық байқау өткізіліп, қортындысын фестивальде жария етті.

Іс – шара өңірдің экологиясына, Каспий теңізінің биологиялық экожүйесін сақтау және қалпына келтіру мәселелеріне назар аударуды мақсат тұтты.

Aktau Photo, Art & Digital Fest-ке экологтар, суретшілер, фотографтар, digital дизайнерлер, бизнес, БАҚ өкілдері, "Kazakh Tourism ҰК" АҚ өкілдері, сондай-ақ 150-ден астам оқушы, олардың ата-аналары мен мұғалімдер қатысты.

Фестиваль аясында суретшілер, фотографтар және digital дизайнерлер арасында байқау жарияланып, кейіннен көрме өткізілді. Бұл жарысқа қатысушылардың жұмыстары ағымдағы жылдың 11-23 қараша аралығында қабылданды. Қазылар алқасының құрамында жергілікті және халықаралық сарапшылар болды. Барлық шығармашылық жұмыстар Маңғыстау экологиясына деген қамқорлықтың маңыздылығын көрсетті.

Қазылар алқасының шешімі бойынша үш номинация бойынша 150-ден астам туынды ұсынылды. Тәуелсіз қазылар алқасы үздік 20 жұмыстың ішінен 3 жеңімпазды таңдады. Барлық жұмыстар Маңғыстау экологиясына деген жаныашарлықтың маңыздылығын көрсетеді. Байқау нәтижесінде келесі қатысушылар жеңімпаз атанды:

Көркем сурет номинациясы бойынша Кристина Шеремет;

Фотосурет номинациясы бойынша Мақсат Бисенғазиев;

Сандық сурет номинациясы бойынша   Амина Хасанова марапатталды.

Алғашқы үш номинация бойынша ұтқан жеңімпаздар ақшалай сыйлықтарға ие болды. Сондай-ақ, Надежда Ахаева үшін іс-шара серіктестерінен арнайы сыйлық беріледі

«Жоба креативті индустрияларды қолдау мен дамытуға бағытталған. Мысалы ретінде, жазушы Марина Стригунның «Мауи - Теңіз жаны» ата-анамен бірге оқуға арналған экосказка авторлық кітабын айтуға болады. Сондай-ақ көктемде Ақтау қаласында Jusan банкінің қолдауымен мурал салу жобасы іске асырылатын болады.

Бұл көрме Астана, Қарағанды, Алматы сияқты Қазақстан қалаларында ғана емес, халықаралық қолдауға ие болады. Сонымен қатар, Брюссельде және Еуропаның бірнеше елдерінде үздік жұмыстар көрмесі жоспарлануда.

Көрме көптің көкейінен орын тапты. Өйткені экология, шығармашылық және жасампаздық - біздің өмірімізде өте маңызды жайттар. Бұл туралы көрсетіп, айтып, болашақ ұрпақтың санасында дұрыс құндылықтарды қалыптастыру қажет», - дейді Kazakh Tourism креативті туризм департаментінің директоры Ирина Харитонова.

Алғаш рет ұйымдастырылған шара табиғатқа деген сүйіспеншілікті оятуға бағытталған. Сонымен қатар, ол туризмді дамытуға, аймақтың экологиясын жақсартуды насихаттау, шетелдік экологтар мен туристердің назарын аударуды басты мақсатқа алған.

Бүгінгі фестиваль аясында оқушылар үшін «PLATON 5D» креативті және эко ойлауды дамыту бойынша шеберлік сабақтары мен Work-Shop өткізілді.

Ольга Лисицына digital дизайнер, «Platon 5D» бағдарламасының бірлескен авторы өз сөзінде: «Біз үшін аймақтың қазіргі экологиялық жағдайына өнер арқылы оған қалай әсер ете алатынымызды және оны қазіргі жастар қалай көретінін және олардың қандай үлес қоса алатынын көрсету маңызды болды. Сондай-ақ, біздің креативті индустриялар орталығы осы жоба аясында JUSAN банкінің маркетплейсінде қойылатын digital образдардың авторлық жинағына енетін жұмыстарды іріктеуден өткізеді. Ал, цифрлық киімдерді сатудан түскен қаражаттың бір бөлігі табиғатты қорғау қорына жіберіледі».

Көрмеге қатысушылардың бірі- маңғыстаулық 11 жастағы Інжу Балтабай. Ол табиғатта сурет салғанды ұнатады.

«Бұл байқау туралы маған үйірме мұғалімі айтты. Содан кейін бар күшімді салып, бағымды сынағым келді.Мен бала кезімнен сурет салғанды ұнатамын. Мен байқауға жіберген суретте мен ластанған теңізден қорғау үшін арнайы оттегі балонын киген балықты салдым. Сол арқылы мен Каспийдің ластанғанын көрсеткім келді», - дейді жас қатысушы Інжу Балтабай.

Қатысушылар назарына: қатысушының дипломын алу үшін сіз толық аты-жөніңізді мына электрондық поштаға жіберу кер.

creativecentr.krg@gmail.com

Фестивальді ЮНЕСКО-ның «Адам және биосфера» бағдарламасының Қазақстандық ұлттық комитеті, Creative agency Caravan Cultura (Нидерланды), Eurasian Creative Guild London (Ұлыбритания), ESG KZ Консалтинг-бюросы, «Экоманғыстау», үкіметтік емес мекемесі, қайырымдылық «Tooba» мобильді қосымшасы, JUSAN Bank қолдауымен Мәдениет және спорт министрлігі және «Kazakh Tourism»ҰК»АҚ ұйымдастырды.

Достарыңызға айтыңыз: