23 ақпанда «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ компаниясының кеңсесінде Малайзиядан келген делегация өкілдерімен кездесу өтті. Компания төрағасы Талғат Аманбаев Perdana Dialogue Foundation Бас директоры Мохамад Рафи Юсофф, Малайзияның бұрынғы премьер-Министрінің арнайы кеңесшісі Камарул Наим, Perdana Dialogue Foundation аға заңгері Нұр Сүлейман және DRB-hicom реттеу бөлімінің басшысы Зайнудин Тенгку Джафармен кездесті.

Кездесу қонақтарын туристік әлеуетпен және Қазақстанның ТОП-10 басым дестинациясымен таныстырды. Сондай-ақ, назарға компанияның «4E» тұжырымдамасы (Eco, Etno, Events, Entertainment), шетелдік туристерді онлайн тіркеу бағдарламасы – «eQonaq», «Kazakhstan Travel» порталы, сондай-ақ «4 күн үшін 4 мезгіл» бірегей ұсыныстармен таныстыру өтті.

Іскерлік кездесу барысында Kazakh tourism компаниясымен Қазақстанда туризмді дамыту мүмкіндіктері ұсынылып, инвестициялар үшін негізгі бағыттар айқындалды. Атап айтқанда, қонақ үй бизнесі, тау шаңғысы және медициналық туризм саласындағы даму мүмкіндіктері талқыланды.

Қазақстандық тарап іске асыруға дайын бірнеше инвестициялық жобаларды қарастыру үшін ұсынды. Сондай-ақ, Малайзиядан келген әлеуетті инвесторлармен және қазіргі кәсіпкерлермен B2B Zoom-кездесу өткізу туралы уағдаласты.

Тараптар Қазақстанның туристік индустриясын бірлесіп дамыту үшін Малайзиядан инвесторларды тарту мақсатында ұзақ мерзімді және жемісті ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді.

Достарыңызға айтыңыз: