Ағымдағы жылдың 18-19 мамырында Астана қаласында TRAVELHUB Kazakhstan, ТМД-дағы туризм және қонақжайлылық индустриясындағы IT-технологияларды дамыту мәселелеріне арналған конференция өтеді.

TRAVELHUB Kazakhstan - бұл туризм мен қонақжайлылықтағы, IT-технологияларды пайдалана отырып бизнесті дамытуға қызығушылық танытатын кәсіпқойларға арналған алаң. Конференцияның мақсаты қатысушылар арасында бизнес, технология тұрғысынан, туристік нарықтың барлық сегменттеріндегі жай-күй мен үрдістер туралы түсінік қалыптастыру.

Конференция аясында ТМД елдерінде туризмді дамытудың өзекті мәселелері - аналитика, салалық статистика және трендтер, дестинациялық маркетинг, туристік саладағы GovTech талқыланады.

Іс-шарада «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ, Яндекс, Profi.Travel, Mastercard, Frontier және басқа да компаниялардың сарапшылары баяндама жасайды. Талқылауға Қазақстан, Ресей, Беларусь және басқа да елдерден сарапшы компаниялардың, дестинацияны басқару, маркетинг, цифрлық шешімдер, және туризм жөніндегі салалық қауымдастықтарының өкілдері шақырылды.

Туристік нарықтың әртүрлі сегменттерінде технологиялар мен бизнесті дамыту мүмкіндіктері мәселелеріне көп көңіл бөлінетін болады. Туризмде, көлік саласында (әуе және теміржол билеттерін брондау), қонақжайлылық индустриясында, турлар мен белсенділік сегментінде технологияларды пайдаланудың жай-күйі мен келешегі, сондай-ақ TravelTech-стартаптар мәселелері талқыланатын болады.

TravelTech жетекші өкілдері – Amadeus, Saber, Aviata/Chocotravel, Tickets.kz, РЖД, Мой Агент, Bronevik.com, TravelLine және басқа да компаниялардың өкілдер шолу баяндамаларымен сөз сөйлейді. Панельдік пікірталастарға қатысуға туристік бөлшек сауда (турагенттік) өкілдері, туроператорлар, авиакомпаниялар мен онлайн агенттіктердің өкілдері, қонақүйлер, технология провайдерлері шақырылды. Сонымен қатар, конференция қазылар алқасы өз жобаларын арнайы сессияда ұсынатын 10 үздік тревел стартаптарын таңдайды.

TRAVELHUB конференциясы Қазақстанда алғаш рет өткізіліп отыр. Іс-шараны Kazakh Tourism ұлттық компаниясы Travel Startups қауымдастығымен бірлесіп ұйымдастырады. TRAVELHUB конференциясы 2016 жылдан бері өткізіліп келеді және ТМД-дағы туризм және қонақжайлылық саласындағы ең ірі конференциялардың бірі болып табылады. 300-ден астам қатысушы күтіледі.

TRAVELHUB Kazakhstan 2023 жылғы 18-20 мамыр аралығында Астана қаласындағы «EXPO» Халықаралық Көрме орталығында өтетін Qazaqstan Life Fest 2023 көрмесінің іскерлік бағдарламасының бөлігі болып табылады. Конференцияға қатысу көрмеге тіркелген қатысушылар үшін тегін.

Бағдарлама travelhub.pro/kz сайтында жарияланған


Стартаптарға шақыру

Конференцияда сөз сөйлеуге турбизнес салаларының бірінде IT-технологияларды пайдалана отырып инновациялық жобаларды әзірлейтін стартаптар (5 жылдан жоғары емес компаниялар) шақырылады:

·        саяхатты ұйымдастыруға арналған онлайн қызметтер;

·        туристік қызметтердің дистрибьюторлары-туроператорлар, онлайн-агенттіктер, маркетплейстер және т.б.;

·        туроператорларға, агенттіктерге, қонақүйлерге және т.б. арналған технологиялық шешімдер.;

·        туризм индустриясы үшін қосымша қызметтерді жеткізушілер.

Сарапшылар таңдаған 10 жоба конференцияға қатысушылар алдында cтартапты таныстыру мүмкіндігін, сондай-ақ конференцияның екі күні ішінде B2B-конференция аймағындағы жұмыс орнын алады.

 Қатысуға өтінімдер а.ж. 10 мамырына дейін онлайн https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSdwSEYRpEet6ctnDQ0nY83flkWdYPkI5-cHpzcdB-_YCzlvMA/viewform қабылданады.

Достарыңызға айтыңыз: