Ағымдағы жылдың 31 мамырында «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ «Қазақстанның Ресейдегі медициналық туризм күндеріне» қатысты.

Қатысушылар Қазақстандағы медициналық туризм өсімінің жоғары әлеуеті мен косметологиялық және жоғары технологиялық медициналық қызметтер бөлігінде осы бағыттың даму перспективаларын атап өтті.

«Қазақстандық медициналық туризмнің басты артықшылығы халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келетін көрсетілетін қызметтердің жоғары сапасы, осы қызметтердің бәсекеге қабілетті құны, сондай-ақ елдің елеулі логистикалық әлеуеті болып табылады», - деп атап өтті Kazakh Tourism Басқарма төрағасы Талғат Аманбаев.

Іс-шараға Қазақстанның өңірлік денсаулық сақтау басқармасының, Астана даму орталығының, Балаларды оңалту Ұлттық орталығының, Ұлттық ғылыми онкологиялық орталықтың, С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің өкілдері сондай-ақ, медициналық және санаторий-курорттық ұйымдар өкілдері қатысты.

Іс-шараны Қазақстандық медициналық туризм қауымдастығы ұйымдастырды.

Достарыңызға айтыңыз: