Кореяда қос елдің туроператорлары арасында B2B-кездесулер өтті
Қазақстан Кореядан Алматы, Астана және Шымкентке тікелей рейстер жиілігін аптасына 17 рейске дейін арттырды.
Оңтүстік Корея – Қазақстан үшін маңызды туристік нарықтардың бірі. 2024 жылы елімізге 40 180 оңтүстіккореялық азамат келді. 2023 жылмен салыстырғанда олардың қатары 12,8% өсті және пандемияға дейінгі 2019 жылғы деңгейге сәйкес келеді.
Орналастыру орындарындағы Оңтүстік Кореядан келген туристер саны 26 861 адамға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 12% артты. Бұл - визасыз режим, тікелей рейстердің көбеюі және белсенді ілгерілету жұмыстарының нәтижесі.
Сеулде B2B-кездесулер өтті. Қазақстандық туроператорлар Кореяның 60-тан астам компаниясымен келіссөздер жүргізді. Kazakh Tourism, Almaty Tourism Bureau, Air Astana, SCAT және «Шымбұлақ» курорты шараға белсенді қатысты.
Іс-шара Қазақстанның Кореядағы елшілігінің қолдауымен өтті.
Іс-шара Қазақстанның Кореядағы елшілігі қолдауымен өтті.
ҚР Корея Республикасындағы елшісі Нұрғали Арыстанов: «2024 жылы Қазақстан экономикасы 5,1%-ға өсті. Шетелдік инвестициялар көлемі рекордтық деңгейге жетті. Ел басшылығының қолдауының арқасында туризм, оның ішінде MICE-сектор белсенді дамып келеді. 2025 жылы Астанада өткен халықаралық форум – соның дәлелі. Оның қонақтарының бірі – БҰҰ-ның бұрынғы Бас хатшысы Пан Ги Мун болды», – деді.
Air Astana, SCAT және Eastar Jet авиакомпаниялары рейстерге билет ұтысын өткізді. Ал B2B кездесу серіктестері арнайы демеушілік сертификаттар ұсынды.
Сонымен қатар, Алматы туризм басқармасы Сеулдегі SITF халықаралық көрмесіне қатысуды ұйымдастыруда. Ал сәуірде Kazakh Tourism және Air Astana Кореяның 9 ірі туроператорына ақпараттық тур өткізді.