Қазақстандағы Чемпиондар лигасы: халықаралық матчтардың туристік әсері қандай?

Қазақстандағы Чемпиондар лигасы: халықаралық матчтардың туристік әсері қандай?

Қазақстандағы Чемпиондар лигасы: халықаралық матчтардың туристік әсері қандай?

Алдын ала болжамдарға сәйкес «Қайрат» клубының Алматыда өткізетін 4 матчына 4 мыңнан астам шетелдік мейман келеді деп күтілуде. Бұл еліміздің экономикасына шамамен 3 миллиард теңге көлемінде қаржы әкелуі мүмкін.

Алматының «Қайрат» футбол клубы тұңғыш рет УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шықты. Бұл отандық спорт үшін ғана тарихи жетістік қана емес, Қазақстанның туризм саласына да елеулі серпін береді.

УЕФА ережелеріне сәйкес елге келген команданың жанкүйерлеріне стадиондағы орындардың 5 % көлемінде квота бөлінеді. Алматыда өтетін әр матчқа өз командаларын қолдау үшін орта есеппен 1000 жуық шетелдік жанкүйерлер келеді деп күтілуде.

Экономикалық пайда негізінен шетелдік туристердің тұру, көлік, тамақтану және өзге де туристік қызметтерге жұмсайтын шығындары арқылы қалыптасады. Орташа есеппен әрбір мейман Қазақстандағы сапары кезінде шамамен 1400 доллар жұмсайды.

Еуропаның беделді клубтық турнирінің матчтары туристік және сервистік индустриясы үшін қонақжайлылықтың жоғары деңгейін паш етуге мүмкіндік береді.

УЕФА Чемпиондар лигасының матчтары 200 астам ел мен аумақта көрсетіледі және жалпы аудиториясы жүздеген миллион көрерменді қамтиды. Бұл - Қазақстанға жер-жаһандағы саяхатшылардың назарын аударуға бірегей мүмкіндік ұсынады.

Достарыңызға айтыңыз: