China Tourism Group өкілімен туристік алмасуды арттыру перспективалары талқыланды

China Tourism Group өкілімен туристік алмасуды арттыру перспективалары талқыланды

«Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Даниел Сержанұлы ҚХР ірі мемлекеттік туристік холдингінің құрамына кіретін "China International Travel Service" компаниясының бас менеджерімен кездесті.

Келіссөздер барысында Қазақстан мен Қытай арасындағы туристік алмасуды дамытуға бағытталған ынтымақтастық перспективалары, оның ішінде туристік ағынды арттыру, бірлескен маршруттар мен іс-шараларды әзірлеу талқыланды. Туризм саласы өкілдері арасындағы іскерлік байланыстарды кеңейтуге, екі елдің басты туристік нысандарының танымалдылығын күшейтуге басты назар аударылды.

Даниел Сержанұлы екі ел арасындағы туристік алмасу қарқынды өскенін атап өтті. Биылғы 9 айда Қытайдан келушілер қатары 675 мыңға жетіп, бұл өткен жылдың жалпы көрсеткішінен асып түсті. Қытайдағы ұлттық күн мен Күздің ортасы мерекесі кезеңінде халықаралық  қонақ үйлерді брондау өсімі бойынша Қазақстан шетелдік елдердің ТОП-5 кірді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар әріптестікті жалғастыруға және Қазақстанды Қытай туристері арасында бірлесе ілгерілетуге келісті.

Атап өткен жөн, China Tourism Group мемлекеттік холдинг саналады және туристік индустрияның бүкіл дерлік тізбегі бойынша қызмет көрсетеді: туристік қызметтер, қонақ үй бизнесі, duty-free, инвестициялар және девелопмент.

Достарыңызға айтыңыз: