«Kazakh Tourism» ҰК» АҚ блогерлер мен креаторлар қауымдастығымен бірлескен жарнамалық және имидждік жобаларды жүзеге асыру мақсатында коммерциялық әріптестікке қызығушылық танытқан компанияларды ынтымақтастыққа шақырады.
Біз Қазақстанның туристік әлеуетін ілгерілетуге бағытталған креативті және ауқымды жобаларды жүзеге асыра алатын кәсіби серіктестерді іздейміз.
Қатысу талаптары:
- Блогерлер пулының және белсенді YouTube арнасының болуы;
- Подкасттар түсіру мен бейнематериалдар дайындау тәжірибесі;
- Digital жарнама кампанияларын (әлеуметтік желілер, YouTube, TikTok және т.б.) іске қосу мүмкіндігі;
- Ивенттер мен іс-шараларды ұйымдастыру тәжірибесі.
Қатысу үшін компанияңыздың портфолиосын және қысқаша сипаттамасын а.ж. 3 қарашасына дейін төмендегі электрондық мекенжайға жіберуді сұраймыз:
e.kenzhebekov@qaztourism.kz