Travel + Leisure India and South Asia басылымы Маңғыстауды 2027 жылы саяхаттауға ұсынылатын үздік 20 бағыттың қатарына қосты

Travel + Leisure India and South Asia басылымы Маңғыстауды 2027 жылы саяхаттауға ұсынылатын үздік 20 бағыттың қатарына қосты
Travel + Leisure India and South Asia халықаралық басылымы журналдың 2026 жылғы қазан айындағы баспа нұсқасында Маңғыстау туралы материал жариялады. Жарияланым 2027 жылы баруға ұсынылатын үздік 20 орынға арналған The Next 20 арнайы тізіміне еніп, Маңғыстау тізімде 10-орынға орналасты.

Мақалада Маңғыстаудың туристік әлеуеті ашылып, оның бірегей табиғи ландшафттары, бай тарихи мұрасы және шытырман оқиғалы туризмді дамыту мүмкіндіктері атап өтілген. Негізгі көрікті жерлер қатарында ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізілген жартасқа қашалған жерасты мешіттері, Айрақты қамалдар аңғары және Бозжыра шатқалы көрсетілген. Сонымен қатар туристік инфрақұрылымды дамытуға, көлік қатынасының қолжетімділігін арттыруға және белсенді демалысқа арналған жаңа маршруттардың пайда болуына назар аударылған.

Мақаланы дайындау барысында «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ және Қазақстанның келу туризмі бойынша туроператоры Redmaya Travel Qazaqstan қолдау көрсетті.

2025 жылдың қорытындысы бойынша Үндістан Қазақстанның орналастыру орындарында тіркелген шетелдік азаматтардың келуі саны бойынша үшінші орынға ие болды. 2025 жылы Қазақстанға Үндістаннан 158 мыңға жуық турист келсе, 2026 жылдың алғашқы тоғыз айында бұл көрсеткіш шамамен 93 мың адамды құрады.

Travel + Leisure India and South Asia — саяхат және сән-салтанатқа негізделген өмір салты туралы америкалық журналдың үндістандық басылымы. Ол ауқатты саяхатшыларға, компания басшыларына және кәсіпкерлерге бағытталған.
Достарыңызға айтыңыз: