Бүгін бірқатар БАҚ туризм үшін ең үздік елдердің рейтингі туралы ақпаратты жариялады, онда Қазақстан соңғы орында екені айтылады.

(https://www.energyprom.kz/ru/a/monitoring/v-rejtinge-luchshih-stran-dlya-turizma-kazahstan-okazalsya-na-predposlednem-meste-na-urovne-irana-i-gany).

Бұл тізімді U. S. News сайты жасаған. Әрі рейтинг Дүниежүзілік Банктің деректері негізінде 2016 жылдан 2020 жылға дейінгі жалпы ішкі өнім, тікелей шетелдік инвестициялар, халықаралық туризмнен немесе туристердің келуінен түсетін кірістер бойынша "Топ-100" елдің қатарына кіру міндетті критерий болып табылатын әлемнің үздік елдерін көрсетеді.

Рейтингтің атауы U.S. News Best Countries деп аталады, және туризм тақырыбынан бөлек, сондай-ақ өмір сапасы, кәсіпкерлік, икемділік, әлеуметтік жауапкершілік, мәдениет, бизнеске ашықтық және т.б. бойынша баға жүргізеді. Туризм тек "adventure" сегментінде ұсынылған, ол жалпы бағалауда 5% үлес салмағына ие.

Жалпы рейтингте Қазақстан Иран, Өзбекстан және Беларусь елдерінен озып, 82-орында тұр. Қазақстанның осы тізімге енгізілуін оң сигнал ретінде сипаттауға болады.

Рейтинг әлемнің 36 елінен барлығы 18 мың адамның сауалнамалық деректеріне негізделген. Олар 73 түрлі критерий бойынша баға берді.

Айта кету керек, "adventure" санаты бойынша рейтингте достық, ойын-сауық, қолайлы климат, көркемдік, сексуалдылық сияқты критерийлер бағаланады, бұл туризмнің толық бейнесін көрсете алмайды.

Қазақстан әлемнің басқа елдерімен қатар туризм индустриясын бағалау үшін екі жылда бір рет жарияланатын Дүниежүзілік экономикалық форумның саяхат пен туризмді дамытудың жаһандық индексіне (бұдан әрі – Индекс) бағдарланады.

2021 жылы Қазақстан бұл индексте 117 елдің ішінде 66-шы орынға ие болды. Жекелеген субиндекстер бойынша Қазақстан жалпы рейтингте жоғары әлеуетке ие. Мысалы, баға бәсекеге қабілеттілігі бойынша еліміз 1-ші орынды, Халықаралық келу маусымдылығы (26-шы орын), мәдени көрікті жерлерге қызығушылық (37-ші орын), шетелдік туристердің болу ұзақтығы бойынша (52-ші орын) алады.

Жалпы, ДЭФ рейтингі бейінді бес субиндекстен, 17 негізгі көрсеткіштен және әртүрлі негізгі көрсеткіштер бойынша бөлінген 112 жеке көрсеткіштен тұрады.

Сонымен қатар, Қазақстан жыл сайын туризм бойынша түрлі халықаралық рейтингтерде атап өтіледі.

Мысалы, 2020 жылы Lonely Planet нұсқасы бойынша біздің еліміз "Туристерді үздік орналастыру" номинациясында үздік атанды, сол жылы британдық саяхатшылардың таңдауы бойынша ТОП-5-ке кірді, New York Times Қазақстанды туризм бойынша үздік пиар-науқаны үшін атап өтті.

2021 жылы The Guardian Қазақстанға "The best places to visit" номинациясын табыс етті, Le Figaro "Recommended to visit in 2021" номинациясына енгізді, "Imagine Travelstan" ролигі 14th ART&TUR International Tourism Film Festival фестивалінде жеңіске жетті.

2022 жылы The Telegraph Алматы қаласын бюджеттік демалыс үшін топ-дестинация ретінде атап өтті, Қазақстан беделді Conde Nast Traveller-де де атап өтілді.

Достарыңызға айтыңыз: