Инвестициялық мүмкіндіктер
    Қазақстанның туристік дестинациялары факторлар жиынтығының арқасында инвесторлар үшін тартымды мүмкіндіктерге ие,
        оның ішінде:
    
        - Қытай, Үндістан және Ресей сияқты елдерден келу туризмінің елеулі әлеуеті, сондай-ақ халықтың өсуі мен
            табыстарының арқасында ішкі туризмнің ұлғаюы.
 
        - Жыл бойы демалу үшін қайталанбас жағдай жасайтын табиғи ландшафтар мен климаттық жағдайлардың бірегей үйлесімі.
 
        - Бай этно-мәдени бағдарламаны қалыптастыратын Түркі әлемі мен Ұлы Жібек жолының бай тарихи-мәдени және діни мұрасы.
 
        - Инвесторлар үшін преференциялар, жеңілдіктер мен субсидиялар беретін, сондай-ақ инженерлік инфрақұрылым
            құрылысын қаржыландыратын мемлекет тарапынан елеулі қолдау.
 
    
    ҚР Үкіметі туризмді экономиканы дамытудың басым салаларының бірі ретінде белгілеп, "Kazakh Tourism" ҰК" АҚ-ның
        басты міндеті болып табылатын инвесторларды тарту бойынша ТОП-10 туристік дестинацияны анықтады»
ЩБКА аумағындағы өзекті инвестициялық жобалар